RU

"Кунг-Фу Панданың" үшінші бөлімі шығады

DreamWorks Animations әйгілі мультфильм "Кунг-Фу Панданың" үшінші бөлімін жасауды қолға алуда деп жазады kinostan.kz.

Шығармашылық топ жұмысқа ағымдағы жылдың тамыз айында кіріспекші.

Мультфильм құрастырушыларының айтуы бойынша, түсірілім жұмыстарының үштен бір бөлігін Қытайдың СМС, Shanghai Media Group және Shanghai Alliance компаниялары өз мойындарына алып отыр.

Туындыны асыға күтіп жүргендерге құлаққағыс: "Кунг-Фу Панда-3" көрерменіне 2015 жылдың 23 желтоқсанында жол тартады деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/268720-kung-fu-pandanyn-yshinshi-bolimi-shygady.html