RU

"Қазақмыс" Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысын тоқтатады

Қазақмыс Жезқазған мыс қорыту зауытын қайта құруға байланысты тоқтатады. ЖМЗ барлық қажетті техникалық шаралар аяқталған соң шамамен 1 қыркүйекте қайта құруға тоқтатылады.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап bnews.kz хабарлайды. 

Компания зауыттың мыс қорыту қуатының дамуына жүргізілген зерттеу нәтижесінде қайта құру туралы шешім қабылдаған. ЖМЗ-ның қазіргі қолданыстағы электрқорыту технологиясы (руда-балқыту пеші) Жезқазған кенішінің кенін өңдеуге арналғанымен Бозшакөл мысына және 2015 жылы пайдалануға берілетін өндірісті кеңейту бойынша басқа да жобаларға келмейді.

Компания қайта құруда еңбеккерлерді қысқартпайды. ЖМЗ-да 1767 адам жұмыс істейді. 61 адам концентрат артумен айналысады. Қайта құру кезінде 200 қызметкерге БМЗ-дағы бос орындар ұсынылады. Қалғандары қайта құру жұмыстарына толық емес жұмыс күні бойынша шамамен 65-70% жұмыс күнімен қамтылады.

Қазіргі уақытта зауыттағы орташа жалақы 120 мың теңге шамасында. Мамандар қалауы бойынша компанияның басқа да құрылымдық бөлімшелеріндегі бос орындарға тұру үшін қайта даярлықтан өтуіне, болмаса өсуі үшін жасалған жобаға іріктеуге қатысуына болады. Оған команда Жезқазған өңірінен жасақталуда.

Қайта құру кезінде жаңа технология қолға алынады. Ол Жезқазғандағы баланстар қоры және Бозшакөл концентратын өндіруге мүмкіндік береді. Жылдық кен өндірісі концентраттан 100 мың тонна мыс алу көзделіп отыр. Зауытты тоқтату оның өнімін тұтынушылар алдындағы міндеттемелеріне әсер етпейді.

Қазақмыс биыл келісімдердегі барлық міндеттерін орындайды. Қазақмыс, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші және әлемдегі жетекші компанияның бірі. Оның иелігінде 16 кен, 10 тау-кен байыту фабрикасы мен екі мыс қорыту кешені бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/268811-kazakmys-zhezkazgan-mys-korytu-zauytynyn-zhymysyn-toktatady.html