RU

АҚШ-та басы жоқ қораз 2 жыл өмір сүрді

Кейбір жануарлардың жасушалары маңызды дене мүшесі жоқ болса да, біраз уақыт тіршілік ете алатын қабілетке ие.

Мәселен, басы жоқ қораз бассыз 2 жыл өмір сүрген екен деп жазады newsland.ru. 1945 жылдың 10 қыркүйегінде америкалық фермер "Майк" деп аталатын қораздың басын шауып тастайды. Қызық болғанда, жаны сірі әтеш тірі қалады.

Одан кейін де 2 жыл өмір сүрген Майкты фермер түтікшемен тамақтандырып, бар күтімді жасап бақты. Кейіннен оны қызық көріп, әр түрлі көрмелерге апара бастаған иесі бастапқыда айына 4500 доллар, кейіннен 10000 долларға дейін ақша тауып жүрді

. Майктың телеэкранда пайда болуы елдің бәрін дүрліктіріп, "тауықтың басын кесу" "сәнге" айналып кеткен кездер де кездесті. "Ерекше" құсқа кейіннен Юта штаты Университетінің ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Майк Финикстегі қонақ үйде жан тәсілім еткенімен, әккі болып алған қожайыны оны жасырып, тағы 2 жыл қоразының атынан қаражат жасап жүріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/268889-aksh-ta-basy-zhok-koraz-2-zhyl-omir-syrdi.html