RU

Қазақстанның достары кім?

Қазақстанның достары кім? Ресейлік Левада сараптама орталығы жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, халықтың өзге мемлекеттер жайлы пікірін сұрап білді, деп хабарлайды azattyq.org.

Ресейдің 130 ауылы мен қаласында өткен сауалнамаға қатысқан 1 мың 601 адамға "Ресейге пиғылы жау елдер қайсысы?", "Ресейдің одақтас, дос елдері қай ел?", "АҚШ-қа, Еуропа Одағына, Украинаға қалай қарайсыз?" деген бірнеше сауал қойылған.

Биылғы сауалнамада "Ресейге жау" мемлекеттің алғашқы бестігінде АҚШ, Грузия, Латвия, Литва, Эстония тұр.

Айта кететін жайт, бұл рейтингтегі бірінші орынды соңғы төрт жыл бойы Грузия иеленген еді. Ресейліктердің көбі өз елдеріне достықпен қарайтын мемлекеттердің алғашқы бесеуі ретінде Беларусь, Қазақстан, Қытай, Украина мен Германияны атаған.

Сараптама орталығының 2005 жылы жүргізген сауалнамасында жауап берген тұрғындардың 20 пайызы Қазақстанды дос ел деп бағаласа, биыл респонденттердің 31 пайызы осы пікірді айтқан. Ресейліктердің Қазақстанды дос мемлекет ретінде көп атаған жылы – 2007 жылғы сауалнама (37 пайыз).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/268928-kazakstannyn-dostary-kim.html