RU

Тістің түсуі есте сақтау қабілетін нашарлатады

Тістің түсуі есте сақтау қабілетін нашарлатады екен. Скандинавиялық ғалымдар бірнеше жылдар бойы жасаған зерттеулерінен соң осындай қорытындыға келіп отыр деп жазады European Journal of Oral Sciences.

Зерттеу Стокгольм университеті мен Швецияның Umea университеті, сондай-ақ норвегиялық Тромсе стоматологиялық институттың негізінде жасалған. Оған 55-пен 80 жас аралығындағы 273 адам қатысыпты.

Нәтижесінде тістің түсуі ми қызметі арқылы есте сақтау қабілетіне әсер ететіні анықталды. Табиғи тіс арқылы тамақты шайнау кезінде қанайналым жақсарып, ми мен жадының жұмыс істеуі жақсаратыны белгілі.

Ал тіс түсіп қалғанда жасанды протездер салдыруың да зияны бар көрінеді. Сондай-ақ, өмірлік маңызы зор дене мүшесі қызметінің нашарлауынан кейбір тағамдарды жеу мүмкіндігі шектеледі. Ұмытшақтықтың пайда болуы соның да әсерінен болуы мүмкін дейді стоматология институтының мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/268969-tistin-tysui-este-saktau-kabiletin-nasharlatady.html