RU

Қызылордада мектеп мұғалімі марихуана сатқан

Қызылордада дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі марихуана сатқаны үшін ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД ЕКБ бөлім бастығы Гауһар Омарова Bnews.kz тілшісіне әңгімелеп берді.

"Есірткіге қарсы күрес басқармасына Сырдария ауданының екі тұрғыны есірткі сатумен айналысатыны туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. Арнайы жедел тергеу шаралары жүргізіліп, екеуі де қылмыс үстінде қолға түсті. Қырықтың қырқасына шықпаған жас жігіттер "Тереңөзек — Жалағаш" аудан орталығы арасында бір жарым келі марихуананы 70 мың теңгеге сатпақ болған. Күдіктің бірі жұмыссыз болса, екіншісі орта мектепте балаларға дене тәрбесі пәнінен сабақ беретін болып шықты", - деді ол.

Омарованың сөзіне қарағанда, ұсталған азаматтар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/269636-kyzylordada-mektep-mygalimi-marihuana-satkan.html