Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінде құстар жаппай қырылып жатыр

Опубликовано:

АЖ"-ға белгілі болғандай, өткен аптада "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының акваториясына кіретін Каспий теңізінің Шалыга аралында құстардың жаппай қырылуы орын алғаны белгілі болды деп жазады өңірлік "Ақ Жайық" басылымы.

"21 маусымда түрлі құстардың жаппай қырылу фактісі анықталды. Сараптама тағайындалды. Себептерін әзірге атай алмаймын",- дейді Атырау облыстық табиғат қорғау прокуроры Қайрат Өтеулиев.

Атырау облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті департаментінің жетекшісі Дәурен Қабдоловтың айтуынша, Шалыгадағы құстардың жаппай қырылу фактісі бойынша зерттеу материалы (құстардың өлімтігі) Астанаға бүгін, 25 маусымда Орталық ветеринарлық зертханаға (Астана қ.) жіберілетін болады.

"Материал алу үшін біздің қызметкерлеріміз Шалыгаға бүгін таңертең кетті, - дейді Д. Қабдолов. – Қанша құстың қырылғанын нақты айта алмаймын. Бір бөлігі аралдан табылды, ал суда қаншасы жатқаны әзірге белгісіз.

Шалыга аралы Каспий теңізінде "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аралық аймағында, Атырау қаласы мен мұнайды өнеркәсіптік өндіруге белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан ірі Қашаған мұнай кеніші арасындағы жолда орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/269637-kaspij-tenizinde-kystar-zhappaj-kyrylyp-zhatyr/

pixel