RU

Ана сүті дәмдес мұз кәмпит шығарылды

Мұз кәмпиттерін шығаратын Lollyphile компаниясы ана сүтінің дәмі бар кәмпит ойлап тапты деп хабарлайды Lite.BNews.kz.

Техас штатында орналасқан өнім өндірушілері осылайша тәжірибе жасап көргісі келген екен дейді mixstuff.ru.

Мұны естіген журналистер қауымы бірден іске кірісіпті. Олар 20 адамға жаңа "чупа-чупстің" дәмін татып көруді ұсынған. Нәтижесінде біраз адам оны кокос қосылған кәмпит десе, енді бірі сүт деп жауап берген.

Мұз кәмпиттің ана сүтіне ұқсайтынын ешқайсысы дөп басып айта алмапты. Десе де, өнім құрамындағы сүт табиғи емес, оған хош иістендіргіш заттар қосылған. Ғалымдар оны вегетариандық өнімге жатқызып отыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/270455-ana-syti-demdes-myz-kempit-shygaryldy.html