RU

Корейлік компания "Рахат" кондитерлік фабрикасының акцияларын сатып алды

Бүгін "Рахат" кондитерлік фабрикасы" АҚ акцияларын "Lotte Confectionery" корейлік компаниясына сату тарулы келісім шартқа қол қойылды.

"Lotte Confectionery" оңтүстік корейлік компания "Рахат" кондитерлік фабрикасы" АҚ-тың 76% пайыз акциясын сатып алды.

Енді Қазақстан-Корея жаңа брендімен өнім шығару көзделіп отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, А.В. Попелюшко "Рахат" кондитерлік фабрикасы" АҚ-тың бірінші басшысы болып қалады деп жазады BNews.kz.

Өнімнің сапасы нашарламайды, тек жақсарып, өнім түрлері көбейе түседі. Қызметкерлер қысқармайды, фабрика бұрынғы режимде жұмыс жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/270498-korejlik-kompaniya-rahat-konditerlik-fabrikasynyn-akcziyalaryn-satyp-aldy.html