RU

"Гелиос" қаза тапқан жүргізушінің отбасына жарты жылдық жалақысын төлейді

"Гелиос" ЖШС қаза тапқан жүргізушінің отбасына оның жарты жылдық жалақысына тең келетін соманы төлейді, деп хабарлайды компания.

Бұрын хабарланғандай, 2013 жылдың 27 маусымында сағат 10.00-де ірі жол - көлік апаты болды. "Helios" компаниясына тиесілі жанар май таситын көлік аударылып кеткен соң жарылған, соның салдарынан бензин сыртқа төгілген.

Апаттың арты өртке ұласып, сол маңайды шарпыған. Алдын ала жасалған мәлімет бойынша 8 автомобиль отқа оранған. Жалын 9 қабатты үйді де шарпып өткен. 40 адам сыртқа шығарылған, бірақ бензовоздың жүргізушісі мерт болған, басқа адам шығыны жоқ.

Сонымен қатар, "Гелиос" ЖШС-ның қызметкерлері қаза тапқан жүргізушінің отбасына материалдық көмек ретінде ерікті түрде 1,5 миллион теңгеден асатын қаражат жинап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/270654-gelios-kaza-tapkan-zhyrgizushinin-otbasyna-zharty-zhyldyk-zhalakysyn-tolejdi.html