Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі туу көрсеткіші жоғары аймақтар аталды

Опубликовано:

Қазақстан өңірлері бойынша 1 000 тұрғынға шаққандағы туудың ең жоғары деңгейі белгілі болды.

Маңғыстау – 30,49, Оңтүстік Қазақстан – 30,23, Атырау – 28,37 және Қызылорда – 28,10 облыстарында тіркелді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Ал ең төменгі көрсеткіш Қостанай – 14,93, Шығыс Қазақстан – 16,67 және Павлодар – 17,19 - облыстарында байқалған. 2012 жылы 381 005 бала өмірге келген, соның ішінде қалалық мекендерде – 206 198 адам, ауылдық – 174 807 адам. 

Туылған ер балалардың саны 195 570 адамды (51,3%) қыз балалар – 185 435 адамды (48,7%), туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 105,5 ер баланы құрады. 2002 жылмен салыстырғанда туғандар саны 67,7%-ға (ер балалар – 68,5%-ға, қыз балалар – 66,9%-ға), қалалық мекендерде – 68,5%-ға, ауылдық – 66,8% артты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/271022-elimizdegi-tuu-korsetkishi-zhogary-ajmaktar-ataldy/

pixel