RU

Депутаттар қандай арақ-шарап ішеді?

Ораза қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің шаруашылық басқармасының асханасы депутаттар тамақ ішетін асханаға кемі 21 жыл сақталған әр қайсысы 50 мың теңге тұратын виски мен 550 бөтелке қымбат арақ-шарап керек деп тапсырыс берген.

Анау-мынау арақ ішкісі келмейтін халық қалаулыларының тапсырысы шамамен 1 220 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған тапсырыс туралы "Дейли News.kz" сайты хабарлап отыр.

Жарнамада сондай-ақ, депутаттарға сақталу мерзімі 3 жылдан кем емес жеңіл-желпі шарап та керек деген. Асхана 20 бөтелкенің әрқайсысын 40 мың теңгеден сатып алмақшы.

Одан бөлек халық қалаулыларының тіске басуы үшін ең қымбат шоколодтар мен 3000 қорап сағыз, 14 мың қорап темекі сатып алынып жатыр. Бұған 7 миллион теңге жұмсалады деп жазады "Дейли News.kz" сайты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/271687-deputattar-kandaj-arak-sharap-ishedi.html