RU

Бойдақ жігіттің кесірінен көпқабатты тұрғын үй өртке орана жаздады

Ақтөбеде көпқабатты үйдің бірінің тұрғындары түн жарымында әбігерге түсті деп хабарлайды КТК арнасы.

Кешкі асын отқа қойып ұйықтап кеткен бойдақ жігіттің кесірінен пәтері өртеніп, өзі қазір күйік жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал түн ортасында түтінге тұншықан көршілері алғашқыда не болғандығын түсінбей абдыраған. Тысқа шығуға ұмтылғандарымен, жалын лебі беттерін қарып, ақыры амалсыздан жоғары қабаттағылар балконнан секіруге мәжбүр болыпты.

Қазір пәтер иесінен өзге екі адам ысқа уланып, тағы екі тұрғын түрлі сынық жарақатымен ауруханада емделуде.

Белгілі болғандай, от тұтанған пәтер жалға беріледі екен. Сондықтан тұрғындардан өзге зардап шеккен бірінші қабаттағы мекемелер де баспана қожайынын сотқа береміз деп бекініп отыр. Ал жоғарыдан секіріп дін-аман қалғандары өз әрекеттеріне сене алар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/272073-bojdak-zhigittin-kesirinen-kopkabatty-tyrgyn-yj-ortke-orana-zhazdady.html