RU

БАҚ Іле-Алатау паркіндегі қанды қылмысқа айыпты азаматты көрсетті (фото)

Қырғызстанның арнайы қызметі лаңкес Саян Хайровты құрықтау кезінде түсірілген бейнежазбамен бөлісті деп хабарлайды КТК арнасы.

Іле-Алатау табиғи паркіндегі қанды қырғынға кінәлі деп танылған азамат, 1 жыл ішінде сақал-мұртын қырып, барынша жасырынуға тырысқан сыңайлы.

Естеріңізге салсақ, былтыр Іле-Алатауы ұлттық паркінде экстремистік топ 12 адамды қырып салып, бір қорықшының үйіне от салған болатын. Кейін Алматы маңындағы Бағанашыл және Таусамалы ауылдарында қылмыскерлердің көзі жойылса, екеуі сытылып үлгерген.

Олардың бірі 37 жастағы Саян Хайров, екіншісі 34 жастағы Зәуірбек Ботабаев. Халықаралық іздеу салынған соң жат ағымның жетегінде кеткендер Алатауды асып, қырғыз жерінде бой тасалап жүрген.

Қырғыздар Саян Хайровты жақында Қазақстанға қайтарса, Зәуірбек Ботабаевтың қайда жүргені әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/272593-bak-ile-alatau-parkindegi-kandy-kylmyska-ajypty-azamatty-korsetti-foto.html