RU

Майкл Джексонның керемет биінің құпиясы ашылды (ВИДЕО)

Поп-музыканың патшасы атанған Майкл Джексон "айжорға" биі оның сахнадағы төлқұжаты іспеттес. Сол биді билеп тұрып тізесін тік ұстап, бір жаққа қарай қисайғанда, таң қалып тамашаламаған адам жоқ шығар.

Жуырда бұл қимылдың құпиясы ашылды. Майкл көзі тірісінде би билегенде ыңғайлы болу үшін арнайы бәтеңке жасатып, тіпті оның меншік иесі құқығына да ие болған.

Сыртынан қарасаңыз, биік өкшесін былай қойғанда, кәдімгі аяқ киім. Құпияның барлығы осында жатқан көрінеді. Өкшесінде кесілген үшбұрышты ойығы бар бәтеңке билеген сәтте сахнадан шығатын темір іспеттес шегеге ілінеді. Соның көмегімен әртіс еш қиналмастан бір орында қисайып түзу тұра алған көрінеді деп жазады Lite.BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/272837-majkl-dzheksonnyn-keremet-biinin-kypiyasy-ashyldy-video.html