RU

Қапшағай су қоймасына бірден 8 адам суға батып кетті

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында бірден 8 адам суға кетті. Қайғылы оқиғалар демалыс күні соққан дауылмен байланыстырылып отыр.

Дүлей желден пайда болған толқын жағадан алысқа ұзағандарды су астына жіберген. Екі күн ішінде төтенше жағдай департаментіне суға кетті деген 8 шақырту түсіпті.

Құтқарушылар 20-дан астам адамды аман алып қалғанымен, 8 демалушыға қол ұшын созып үлгермеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Мамандар өліммен аяқталған демалыс ескертулерге құлақ салмау салдары деп отыр. Себебі қатты жел соғып, толқын көтерілгенде суға түсуге тыйым салынатындығын көпшілік елемейтін көрінеді.

Салдарынан суға кеткен екі адамның денесі әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары бүгін де сәтсіз аяқталса, құтқарушылар жұмысты тоқтатуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/273640-kapshagaj-su-kojmasyna-birden-8-adam-suga-batyp-ketti.html