RU

Серік Сәпиев "Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы" атағын алды

Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев спор саласындағы жетістіктері үшін "Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы" атағын алды, деп хабарлайды "Астана спорт".

Басылым атап көрсеткендей, Сәпиев әлемдегі осы атаққа ие болған 13-ші адам болды.

2012 жылдың олимпиада чемпионы, Вэл Баркердің кубоның иегері, бостан әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевті ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов құттықтады.

"Бұл аса құрметті атақ, ЮНЕСКО-ның бұл атағына лайықты болып танылғаныма қуаныштымын", -  деп келтіреді басылым Сәпиевтің сөздерін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/274050-serik-sepiev-sport-bojynsha-yunesko-chempiony-atagyn-aldy.html