RU

Қазақстандық әйелдердің зейнеткерлікке шығу кестесі жарияланды

1964-ші жылы туылған әйелдер зейнеткерлікке 63 жастан бастап шығады. Ұлттық банк төрағасы қазақстандық әйелдердің көңілін күпті қылған зейнеткерлікке шығудың кестесін жария етті.

Яғни, 1964-ші және одан кейінгі жылдары туылған әйелдер зейнетке 63 жастан бастап шығады. Оған дейін туылғандардың демалысқа шығу мерзімі бұрын айтылғандай жарты жыл сайын ұзартылып отырмақ.

Осылайша, біртіндеп ұлғайту нәтижесінде 2027-ші жылдан бастап барлық әйелдер 63 жастан зейнеткер атанбақ. Осы жаста зейнетақы алатындардың көшін 1964-ші жылы туылғандар бастағалы отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/274463-kazakstandyk-ejelderdin-zejnetkerlikke-shygu-kestesi-zhariyalandy.html