RU

Хюррем сұлтанды сомдаған актрисаға қоқан-лоқы көрсетілуде

Әйгілі "Сұлтан Сүлеймен" сериалындағы басты рөлдердің бірін сомдаған актриса көрермендеріне шағым айтты деп жазады delfia.ua.

Хюрремнің рөлін сомдаған актриса Вахиде Гердюм (Перчин) өз атына қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты. Әртістің сөзіне сенсек, сериалдан кеткен Мерьем Узерлинің орнын алмастыруға ұсыныс түскенде, ол өз мүмкіндігіне сеніп, көрермендердің жүрегін жаулап аламын деп ойлаған көрінеді.

Алайда, бәрі ол жоспарлағандай болмады. Ыстық ықылас пен ілтипаттың орнына Вахиде сын мен қорқытулар алуда. Ресми мәлімдемесінде Гердюм сеніп тапсырылған кейіпкерінің бейнесін толықтай ашатынын жеткізді. Келесі маусымға барынша дайындалдым деген актриса барлық мүмкіндігін аянып қалған жоқ

. Естеріңізге сала кетейік, түсірілім алаңына Вахиде келген соң "Сұлтан Сүлейменнің" шығарушыларына тыныштық болмады. Әсіре жанкүйерлер сайттар мен форумдар арқылы Мерьемнің қайта оралуын талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/274922-hyurrem-syltandy-somdagan-aktrisaga-kokan-loky-korsetilude.html