RU

АҚШ-та асыранды бала өгей анасының зорлағаны туралы түсініктеме берді

Күйеуімен бірге Қазақстаннан асырап алған екі баланы зорлады деп айыпталып отырған Линда Мэйоттың сексуалдық құрбаны болған 21 жасар жігіт екі жыл бойы сексуалдық негізде зорлық көргенін және сол уақытта бар-жоғы 13 жаста болғанын айтып берді.

Бұл туралы BNews.kz The Milford Daily News басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Шағын ғана Уитинсвилль қаласынан шыққан 49 жасар Линда Мэйотт пен оның 50 жасар күйеуі Джозеф Мэйотт осы аптада Вустер Жоғарғы сотының алдында жауап беруде. Оларға 26 бап бойынша айып тағылуда, ауыр жағдайда баланы зорлау, 14 жасқа толмаған жеткіншекке қатысты аздыратын әрекетке бару және тағы басқа.

Джозеф Мэйоттқа 5 жыл бойы асыранды қызын зорлады деген айып тағылуда. Қыз бала ол уақытта 8 жаста ғана болған. Линда Мэйоттың құрбаны болған жігіт анасының тұрпайы әрекеттері қалай басталғанын әңгімелеп берді. Оның айттуынша, анасы онымен бірге бір төсекке 2005 жылдың қаңтарынан бері жата бастаған.

Алдымен асқазанындағы ауруды басу үшін ішін ұқалап беремін деп сылтаураған анасы кейін жеткіншектің ернінен сүюді шығарған екен. Екі аптадан кейін "бейкүнә сүю" одан бетер "масқарамен" жалғасып, соңы төсек қарым-қатынасына ұласыпты.

"Оны есіме алсам жиіркенем. Мен ол сәтте нені қалай істеу керектігін де білмейтінмін", - деп есіне алды болған оқиғаны жігіт. Ол тіпті, басынан кешкенінің бәрі солай болуы тиіс қалыпты жағдай шығар деп ойлағанын да жасырмады. Сейсенбі күні қайта қаралған іске қатысты сот отырысында жігіт бұл жайт жайында неге ертерек хабарламаған себебін де жеткізді.

Оның айтуынша, ол өгей ата-анасы қарындасымен және ұлымен айырып (өгей анасынан туған – агенттік ескертпесі), Қазақстанға балалар үйіне қайтарып жібереді деп қорыққан. Жеткіншек үй іргесіндегі "құпия" жайында 2009 жылы 4 маусымда сол уақыттағы құрбысына сыр шерткен екен. Оған анасының зергерлік бұйымдарын ұрлады деп жалған айыптауы себеп болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/275075-aksh-ta-asyrandy-bala-ogej-anasynyn-zorlagany-turaly-tysinikteme-berdi.html