RU

Қызылорда мас жүргізушілердің астанасы атанбақ

Жыл басынан бері 900-ден астам қызылордалыққа көлікті мас күйде жүргізгені үшін айыппұл салынған.

Бұл жөнінде облыстық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің инспекторы Раушан Шохаева мәлімдеді.

"Көлікке мас күйінде отыратын жүргізушілерге қатысты қабылданып жатқан қатаң шаралар әлі де үлкен нәтиже бермей келеді: инспекторлар мұндай фактілердің күніне бірнешеуін анықтайды, – деді ол. – Жыл басынан бері 930 факті тіркелген. Қызылордалықтардың жол апатына ұшырауының басты себебі де анықталды – бұл қозғалыстың қарсы бағытына шығу, бағдаршамның қызыл түсіне жүру, қауіпсіздік белдігін тақпау".

"Құқық бұзушылық бойынша алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан жолдардағы жағдай әлі де күрделі, – деді ол. – Адамдар жол қозғалысы ережесін сақтауға құлшыныс білдірмейді. Жылдың бірінші жартыжылдығында қызылордалықтар ереже бұзғаны үшін 350 млн теңгеден астам айыппұл төледі".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/275076-kyzylorda-mas-zhyrgizushilerdin-astanasy-atanbak.html