RU

Қысқа белдемше киген қыз көлік апатына себеп болды

Әзірбайжанда Сумгаит тұрғыны көлік апатына түсуіне себеп болған қысқа белдемше киген қызды сотқа бермекші.

Бұл туралы Росбалт жергілікті басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

"Жігіт көшеде кетіп бара жатқан қыздың аяғына қарап қалып, соның кесірінен көлік апатына ұшырағанын айтып ақталыпты. Оқиға орын алған кезде қыз қысқа белдемшеде болған деседі. Жүргізуші "егер ол қыз дені дұрыс киім кигенде апат да болсам еді" деп наразылығын білдіруде", - деп хабарлайды SİA.

Осы орайда айта кетейік, көктемде Оңтүстік Кореяда қысқа белдемше киюге тыйым салынғаннан кейін әлеуметтік желілерде әзірбайжандықтар да осы норманы өз елдерінде енгізу қажеттігін алға тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/275226-kyska-beldemshe-kigen-kyz-kolik-apatyna-sebep-boldy.html