RU

СҚО-да тауық әр апта сайын "АллаҺ" деген жазуы бар жұмыртқа әкеледі

Солтүстік Қазақтан облысында тауық "Алла", "Мұхаммед" деген жазуы бар жұмыртқа туды деп хабарлайды КТК арнасы.

Саумалкөл кентінде тұратын Махметовтар әулеті дәл осындай бедерлі жазулары бар жұмыртқаны әр аптаның бейсенбісінен жұмаға қараған күні тауығының ұясынан 3 рет алған.

Ал атыраулық Нағима әжей базардан сатып алған алманың алтауынан "Алла" деген жазуды көріп таң тамаша болған. Тура рамазан айында мұндай ерекше құбылыстың көбейгенін дін қызметкерлері жақсылыққа балап отыр.

Махметовтардың үйіндегі тауық алғашқы жұмыртқаны қасиетті Рамазан айы басталған алғашқы аптада туған. Бір қызығы бұл оқиға әр аптаның бейсенбісінен жұмаға қараған түні қайталанып отырған. Осылайша оразаның 3-ші аптасына дейін Алла деген жазуы бар 3 жұмыртқа жинапты.

"Мұсылман болған соң Алланың есімі бала туғаннан айтасың ғой. Алланың жазуы осылай деп есімізде қалған әжем мен атам солай айтатын. Биылғы оразаға дейін аузымды бекітетінмін, биыл санаторийға барам деп аузымды бекітпеп едім, осындай хабар келген соң қайра аузымды бекіттім", - дейді Саумалкөл кентінің тұрғыны Раушан Махметова.

Тайға таңба басқандай жұмыртқадағы жазулардың анық көрінуі дін жолында жүрген азаматтарды да таң қалдырып отыр.

"Жазу емес деп айтуға болмайды. Жаңадан үйренген адамның өзі қолымен жазғанда бұлай жаза алмайды. Мына арада мен Аллаһ деп оқып тұрмын, Бұл жағынан мен Мұхаммед деп оқып тұрмын. Жұмыртқада осындай жазу болуы Алла тағаланың бір кереметі!", - дейді Айыртау аудандық мешітінің бас имамы Сағынай қажы Қабдуахитұлы.

Тағы бір ғажап жағдай Атырау қаласында болып отыр. 16 жыл бойы ораза ұстап келген зейнеткер Нағима Ідірісбаева ауызашарға деп базардан алма сатып алған. Сөйтсе, 6 жеміс өзгелерінен ерекше болып шықты.

"Ауызашар бердім елге. Соған алған алмалар.Пакеттің ішіне қолымды салсам, іші май секілді болып көрінді. Бір алманы алып қарасам, кәдімгі жазу тұр екен. Молда шақырдым таңертең. Молда көріп, қасиет қонған алма ғой деді", - Атырау қаласының тұрғыны Нағима Ідірісбаева.

"Жалпы, көп алмадан "Лә илаһа иллаллаһ" немесе "Алла" деген жазуды соңғы кездері көп кездестіруге болады. Бұл алманың иесі айтуы мүмкін, мен мұны жеймін бе жемеймін бе деп. Егер осындай алмалардан "Алла", "лә иллалал иллаллах" деген сөздер шықса, оларды бисмилла деп дәрет алып, жей бесе болады", - деді бұған қатысты Атырау облыстық мешітінің бас имамы Амантай Сәдиев.

Қасиетті Рамазан айындағы осындай құбылыстар әрине, мұсылман жұртшылығын ойландырып отыр. Ең бастысы, жаратушының жіберген белгісі жақсылықтың нышаны болғай деседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/275532-sko-da-tauyk-er-apta-sajyn-allah-degen-zhazuy-bar-zhymyrtka-ekeledi.html