RU

Google Earth Қазақстан аумағынан алапат бес жұлдыз тапты (фото)

Google Earth қызметі ғарыштан Солтүстік Қазақстан аумағынан диаметрі 366 метр алапат пентаграмманы түсіріп алған.

Интернет пайдаланушылар бұған сайтанның істегені немесе кеңес әскерилері жасаған жұмыстардың қалдықтары болуы мүмкін деген жорамал айтып отыр.

Бұлай тұжырымдауға себеп: Google Maps қызметіндегі бұл суретті ғаламторға "Адам" және "Люцифер" есімді пайдаланушылар салған.

Ежелгі христиандықта пентаграмма – Иисустың бес жерінен қағылған қазықты және адамның бес сезім мүшесін білдіреді.

Бес ұшты жұлдыз бейнесі адамды жамандық атаулыдан қорғайды деген наным бар. Дуалаушылар өз рәсімдерін жасаған уақытта пентаграмманы төңкеріп, ібілістің екі мүйізі етіп пайдаланады. Ал төмен қараған ұштары "төңкерілген Троицаны" ("төңкерілген үш Құдай") білдіреді. Бұған қоса, бейненің ортасына ешкінің басы салынады.

"Бұл талқылаулардың қазақ пентаграммасына түк қатысы жоқ. Мен әскерилермен көп жұмыс істедім, мұндай бейнелерді кеңес әскерлері орналасқан орындардан көп көрдім. Бұл зымыран және радар қондырғыларымен байланысты", - дейді ғаламтор пайдаланушылардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/275589-google-earth-kazakstan-aumagynan-alapat-bes-zhyldyz-tapty-foto.html