RU

"Халал" белгісін алған тауардың бәрі бірдей адал емес

"Халал" белгісін алған тауардың бәрі бірдей адал емес.

Бірнеше халал өнімдерді тексерген санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мамандары осындай қорытынды шығарды. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер мәлімдеді.

"Біздің міндетіміз қай жағдайда сойылғанын анықтау. Халал тазалық деп айтамыз. Бірақ кей кезде халал объектілері оған сай емес", - деді еліміздің Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Ал, дауға айналған "Рошен" кәмпиттерінің құрамынан ағзаға қауіпті бензопирен қоспасы бар деген ақпарат расталмады.

Мамандар Астана мен Алматыдағы осы тауардың 7 түрін зерттеген екен. Бүгінде елдегі тәтті өнімдердің 15-20 пайызын осы "Рошен" фирмасының шоколадтары құрайды.

Сондықтан зерттеу жұмыстары әлі де жалғаса бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/275660-halal-belgisin-algan-tauardyn-beri-birdej-adal-emes.html