RU

Туа салып сөйлеген сәбидің алғашқы сөзі "Әке" болды

Ресейде адамдардың жағасын ұстатқан ерекше жағдай орын алды. Норильск қаласындағы №1 перзентханада дүниеге келген сәби туа салып сөйлеп кеткен деп жазады ecology.md.

Степанның ата-анасы Родион мен Лиза Бажеевтер алғашқыда қатты таңданыпты. Өмірге келе сала оның айтқан алғашқы сөзі "Әке" болыпты.

"Мен қатты қорқып кеттім. Енді ғана анасының құрсағынан шыққан шақалақтың сөйлегенін өз құлағыммен естідім. Осы жерде 1986 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Мұндай оқиға әлі болған емес" деп атап өтті №1 перзентхананың психолог-акушер дәрігері Марина Панова.

Сөйлеп туған сәби дәрігерлерді біраз тығырыққа тірегені рас. Олар өмірге енді келген баланың қиын буындарды айтуы мүмкін еместігін алға тартты. Алғашқы сөзін айтқан соң арада бірнеше минут өткенде Степа "Мама" деген екінші сөзін жеткізді.

Оның 17 жастағы анасы Лиза: "Жақында әкең келеді" деп сөйлей бергені сол екен ұлы: "Кім? Әкем бе?" деп жауап беріпті.

Бұл құбылысты жас ата-ана анасының құрсағында жатқанда Степанға арнайы әдебиеттер оқып, музыка тыңдап, арнайы дайындалғандарымен түсіндіруде.

"Баланың әкесі рухани бай адам. Спортшы, жаттықтырушы. Оның үстіне қазіргі заманда сәбилер осыдан 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда, іштен жетіліп туады" дейді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/276074-tua-salyp-sojlegen-sebidin-algashky-sozi-eke-boldy.html