RU

Оңтүстік Америкада тіршілік ететін жыртқыш балықтар Есілге жетті

Жыртқыш балықтар Есілге де жетті. Ұзындығы 37 см, салмағы 1 келіден асатын балықты Петропавлдың балықшысы қармаққа іліктірген.

Балықтың мұндай түрін алғаш рет кездестірген ол аң-таң болғанын жасырмайды. Артынша достарын шақырып, балықтың пиранья екеніне көз жеткізген.

Оңтүстік Америкада тіршілік ететін жыртқыш балықтың Есілде қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз. Балықшылардың болжамына сенсек, балықты үйінде аквариум ішінде ұстаған бәзбіреу өзенге жібере салған.

Бұл жәйттен балық инспекциясы да хабардар.

"Арадай өткір тістеріне қарап шошисың. Балықпен не істейтінімді әлі білмеймін. Еті дәмді дейді. Пісіріп, жеп қоятын шығармын. Бірақ қайта өзенге жіберуге қауіпті. Себебі, пираньиялар бір бұқаны санаулы секундтың ішінде жейді. Амазонка халқы айтады ғой: "Үш пиранья болғанша, бір қолтырауын болсын" деп. Тегін айтылмаған", - дейді балықшы Сергей Константинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/276159-ontystik-amerikada-tirshilik-etetin-zhyrtkysh-balyktar-esilge-zhetti.html