RU

Дүниеге үшем әкелген 9 баланың анасы халықтан көмек сұрайды

Жағдайы мүшкіл отбасының нәрестелерді апарар жері жоқ. Балаларын  құшақтаған ана көрінгеннің босағасында баспана жалдауға мәжбүр.

Жергілікті әкімшілік жақында көмек ретінде зираттың үстінен үй салуға 4 соттық жер бөліп беріпті. Бірақ Арслановтар отбасы аруақтарды қорлап, баспана тұрғызғымыз келмейді дейді.

Жағдайы мүшкіл отбасы  9 баласы өскен сайын  туыстары уақытша берген алақандай үйге сыймай барады.   Отағасының тұрақты жұмысы да, тіркеуі де жоқ. Себебі, 8 жылдан бері әлі азаматтығын ала аламай жүр.

Дүниеге үш егіз қыз алып келіп, жанұяда жалпы бала саны 9-ға жеткен отбасына үкімет дәл осы зират қасынан 4-ақ соттық  жер бөліп берген. Алайда кейіннен басқа жер бөліп береміз деп, хабарсыз кеткен. Биліктен бар үмітін үзген Арслановтар, енді бар көмекті халықтан күтуде.

Не жұмысы, не жеке баспанасы жоқ отбасы бірнеше жылдан бері осындай иттірлікпен күнелтіп жүр. Аядай ғана тар бөлмеде 11 адам әрең ығысады.  Әбден тарыққан жандарға  ешкім қол ұшын берер емес. Ал, өз күшімен үй салуға жағдайлары келмейді.  Сондықтан қайырымды жандардан көмек сұрайды.

8707-754-16-77 8-70175416-77 Искаков Ернұр  Арслановтар отбасының қоғамдық өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/276523-dyniege-yshem-ekelgen-9-balanyn-anasy-halyktan-komek-syrajdy.html