RU

Ауыл өнертапқышы тезектен биогаз өндіруді үйренді

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министр Ә. Исекешевтің блогына хат жазған Дәулетхан есімді өнертапқыш, қара халықтың тұрмысына өте пайдалы, қолдануы қарапайым ғана жаңалығын назарға ұсыныпты.

Осы жаңалығын жаппай өндіріске шығаруға қол ұшын беруді сұрапты. Дәулетханның жасап отырған ісі өте құптарлық. Басқасын айтпағанда, ештеңе өндірмей тек сатармандықпен айналысып жатқандардың жанында үлкен еңбек жасап отыр.

Өз өнімін өндіру арқылы отандық өндірісті дамытуға үлес қоссам ба дейді. Ендігі сөз кезегі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзырына қарап қалған.

Ол мал тезегінен биогаз (метан газы) алуды іс жүзінде жүзеге асырды. Бұл жаңалығы республикалық "Айқын" мен "Ақтөбе" газеттерінде жарық көрген.

Өнертапқыш "Биогаз қондырғыларын өндірісте шығару үшін арнайы лицензия алуға қандай құжаттар қажет және қандай мөлшерде қаражат төлеу керек?" деген сауал жолдапты.

Ә. Исекешев оған төмендегідей деп жауап береді: "Лицензиялауға жататын қызметтер түрлері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 "Лицензиялау туралы" заңында көрсетілген. Сонымен бірге, биогаз қондырғылары өндірісін лицензиялау Министрліктің құзыретіне кірмейтінін хабарламыз. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген сауал бойынша Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" заңын әзірлеушісі, уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрлігіне өтінуіңіз қажет деп санаймыз".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/276622-auyl-onertapkyshy-tezekten-biogaz-ondirudi-yjrendi.html