RU

Дариға Назарбаеваның кіші ұлы Айсұлтанға аға лейтенант атағы берілді

Назарбаевтар отбасында қуаныш. Халық қалаулысы Дариға Назарбаеваның кіші ұлы Айсұлтанға аға лейтенант атағы берілді.

Бұл жайында "Қазтаг" ақпарат агенттігіне Астанадан сенімді ақпарат көзі хабарлаған екен.

Еске сала кетейік, 23 жастағы Айсұлтан Назарбаев британияның құрлықтағы корольдік әскери "Сандхерст" академиясын тәмәмдаған.

Анасы Дариға Назарбаеваның айтуынша, кіші ұлы елге оралған соң, Отарда әскери қызметте болған. Ал, қазір әскери барлау жүйесінде қызмет етеді екен.

Жалпы Айсұлтан Қорғаныс министрлігінің әскери барлау саласын лейтенант атағымен бастаған. Осыған дейін штатта болған, ол енді аға лейтенант атағын алып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/276650-dariga-nazarbaevanyn-kishi-yly-ajsyltanga-aga-lejtenant-atagy-berildi.html