Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы 8 су бассейнінің жетеуі - трансшекаралық

Опубликовано:

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, еліміздегі су ресурстарын тиімді пайдалануға арналған іс-шараларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 0,5-1 млрд АҚШ доллары қажет.

Бұл туралы 14-15 тамыз күндері Астана қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен "Жасыл Академия" ғылыми білім беру орталығы бірлесіп Су ресурстары комитетінің басқармалары мен бассейн инспекцияларының басшылары және мамандары үшін "Су ресурстарын басқару: іс-қимылдың "жасыл" сценарийі" тақырыбында өткізген семинар-тренингта белгілі болды.

"Мемлекет басшысы Нұрсұтан Назарбаев "Қазақстан - 2050" Стратегиясында 2020 жылға дейін халықты таза ауыз сумен, ал 2040 жылға дейін ауыл шаруашылығын тұрақты шаруашылық сумен толық қамтамасыз ету бойынша көкейкесті проблемаларды шешу жөнінде міндеттер қойды. Осыған сәйкес қабылданған Тұжырымдама су тапшылығы бар экономикадан су ресурстарын тиімді пайдаланатын экономикаға көшуді көздейді", - деп атап өтті семинарға қатысушалардың алдында сөз сөйлеген министр.

Оның үстіне жыл сайын трансшекаралық суларды пайдалану мәселелері де көбейіп келеді.

"Еліміздегі 8 су бассейнінің 7-еуі трансшекаралық болып саналады. Олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен ағып келеді. Осындай бассейндердің айналасындағы бәсекелестік жылдан-жылға күшейе түсуде. Әсіресе, оңтүстік аймақтардағы жағдай осы өңірлерді сумен қамтамасыз ету мәселелерін күрделендіре түсуде. Мұндай жағымсыз сценарийлерден тек әріптестік қарым-қатынас пен білікті басқарушылық арқылы ғана құтылуға болады", - деп атап өтті министр.

Екі күнге созылатын семинарда тыңдаушыларға мемлекеттік органдар, Дүниежүзілік банк, БҰҰ ДБ, "ҚазМұнайГаз" ҰК және тағы да басқа мекемелер өкілдері баяндамалар жасап, су проблемаларын шешудің халықаралық және отандық тәжірибесінің қыр-сырын үйретеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/276844-kazakstandagy-8-su-bassejninin-zheteui-transshekaralyk/

pixel