RU

Алматы облысында "Қастек" шекара бекеті ашылды

Шекара қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Алматы облысында "Қастек" шекара бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл шараға ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы - Нұртай Әбіқаев арнайы келіп, ел тыныштығын сақтайтын, сарбаздардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайымен жақынырақ танысты.

Шекарашылар үшін ерекше күн болды. Бірі шенін жоғарлатса, оқу орынан биыл тәмәмдаған жас шекарашылар пәтерге ие болды. Солардың бірі - Саят Раисов. Биыл ғана отбасын құрған ол, бұл үлкен көмек болғаны айтады.

Жаңа "Қастек" шекара бекеті бүгін салтанатты түрде ашылды. Ол Қырғызстанмен шектесетін шекараның дәл іргесінде орналасқан. Ел тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында салынған заставаның құрылысы 1 жылға созылыпты.

Мұнан соң Нұртай Әбіқаев застава ішін аралап көрді. Мұнда сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ,  шекара бекеті таулы аумақта болғандықтан, сарбаздардың жүріп тұруын жеңілдету үшін шекара қызметіне жылқы да жегілмек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нығайту бағдарламасы" бойынша салынған бұл екінші шекара бекеті. Алдағы уақытта осы сынды әлі 14 шекара заставасы салынбақ. Ал, жаңадан ашылған "Қастек" шекара бекетінің сарбаздары алдағы уақытта мына таудың арғы жағындағы Қырғызстан Республикасымен шектесетін 29 шақырымдық шекараны қырағы бақылайтын болады.

Салтанатты шара барысында шекара күзетінде қырағылық танытқан сарбаздарға түрлі шен тағайындалды. Сондай-ақ, жиналғандар сарбаздардың шеруін тамашалады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/277409-almaty-oblysynda-kastek-shekara-beketi-ashyldy.html