Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Орталық Азиядағы ең семіз адамдар болып танылды

Опубликовано:

БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының 2013 жылғы баяндамасында Орталық Азия аймағындағы ең семіз адамдар - қазақтандықтар деп көрсетілген.

Сонымен қатар баяндамада балалардың тойып тамақ ішпеу проблемасы да сөз болады. Б аяндама деректеріне қарағанда, Қазақстандағы ересек адамдардың 24,4 пайызы - семіз. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары "үш миллионға жуық қазақстандықтың немесе елдің әрбір төртінші тұрғынының артық салмағы бар" деп есептейді.

Орта Азия өңірі бойынша орташа көрсеткіш – 18,4 пайыз. Өзбекстанда артық салмағы бар адамдардың үлесі – 17,3 пайыз, Қырғызстанда – 17,2 пайыз, Түркіменстанда – 14,3 пайыз, Тәжікстанда – 9,9 пайыз. Семіздік дертіне шалдыққандар санының өсу тенденциясы Орталық Азияның барлық елдерінде байқалады. Әлем қоғамдастығы семіздік қоздыратын ауруларды емдеуге қыруар қаржы жұмсайды.

ББҰ-ның деректері бойынша, 2010 жылы бұл проблеманы шешуге жұмсалған қаржы көлемі 1,4 триллион доллар болған.Кез келген жаста пайда болатын семіздік ағзадағы зат алмасудың созылмалы дерті ретінде қарастырылады. Май тінінің шамадан тыс жиналуы салдарынан пайда болатын семіздік халықтың жалпы сырқаттану деңгейін арттырып, өлім-жітімнің көбеюіне себеп болады.

Семіздік жүрек талмасы, миға қан шабу, қан қысымының көтерілуі, холецистит, артрит, панкреатит сияқты ауруларды қоздырады. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының 2013 жылғы баяндамасында "Тойып тамақ ішпеу, нәрлі микроэлементтердің тапшылығы, артық салмақ пен семіздік, кіріс деңгейіне қарамастан, барлық елдерді шамадан тыс экономикалық және әлеуметтік шығынға ұшыратып отыр" деп жазылған.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласы билігі тұрғындарды артық салмақтан арылуға алтын беріп ынталандырады.

Тамыздың 16-сында аяқталған "Салмағыңызды алтынмен өлшеңіз" бағдарламасы бойынша тұрғындар арықтаған әр килограмы үшін бір грамм алтын (42 доллар шамасында) алады. Салмақ тастауда жұрттан озған алғашқы үш адам құны 20 мың дирхамдық (5,5 мың доллар) алтын алады.

Алматы қаласындағы медициналық орталықтардың бірінің дәрігер-диетологы Бақытгүл Хамзина қазақстандықтардың семіздікке шалдығуының үш себебін атайды. Біріншісі – жұрттың белгілі бір азық-түліктің калориясы мен денсаулыққа зиянын білмеуі. Екіншісі – тамақтың сапасы.

"Қазір тамақты көбінесе көшеде сатады. Ары-бері ағылған көліктердің бөлінген улы заттар тамаққа түсіп, денсаулыққа зиянын тигізеді" дейді дәрігер-диетолог.

Бақытгүл Хамзина семіздіктің үшінші себебі ретінде жұрттың фастфуд тағамдарға әуестенуін атайды. – Алматыда мұндай мекемелердің саны жыл санап өсіп келеді. Студенттердің көбі дұрыс тамақтанбайды. Егер адам таңғы асты ішпей, бірден түстенсе, артық салмақ жинайды. Таңғы, түскі, кешкі мезгілде тамақтану режимін сақтамайтындар көп. Сондықтан артық салмағы бар жастар көбейіп келеді, - дейді дәрігер-диетолог Бақытгүл Хамзина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/277662-kazakstandyktar-ortalyk-aziyadagy-en-semiz-adamdar-bolyp-tanyldy/

pixel