RU

Ресейліктер "Шахтерді" қолдау мақсатында қазақша-орысша тілашар құрастырды

Eurosport.ru жанкүйерлерге қарағандылық "Шахтерді" "Селтикке" қарсы өткізілетін қарымта ойында қолдау жасауға көмектесетін футболдан қазақша-орысша тілашар құрастырып шықты деп жазады BNews.kz.

Тізімге Eurosport-тың пайымынша, өзекті деген 13 сөз тіркесі енгізілді. Төменде ресейліктерге ұсынылған сөз тіркестері аудармасымен берілген.

Алға! ("Алга") – Вперед!Тек қана алға ("Тек кана алга") – Только вперед!Жарайсыңдар ("Жарайсындар") – Молодцы!Басыңдар ("Басындар") – Давите!Тоқтамаңдар ("Токтамандар") – Не останавливайтесь!Аз қалды жігіттер ("Аз калды жигиттер") – Осталось немного, парни!Селтик сендерден қорқады ("Селтик сендерден коркады") – Селтик вас боится!Сендерді бүкіл Ресей қолдайды ("Сендерды букыл Ресей колдайды") – Вас поддерживает вся Россия!Бізге гол керек ("Бызге гол керек") – Нам нужен гол!Не істеп жатырсың!? ("Не ыстеп жатырсын") – Ты что делаешь!?Аутқа теп ("Аутка теп") – Выбей в аут!Берік болыңдар ("Берык болындар") – Держитесь!Тағы кішкене шыдаңдар ("Тагы кышкене шыдандар") – Потерпите еще немного!Қақпаға соқ ("Какпага сок") – Бей по воротам!Естеріңізге сала кетейік, кеше қарағандылық "Шахтер" глазголық "Селтикті" 2:0 есебімен ұтты. Қарымта ойын тамыздың 28-інен 29-ына қараған түні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/277866-resejlikter-shahterdi-koldau-maksatynda-kazaksha-oryssha-tilashar-kyrastyrdy.html