RU

Алматы Орталық мешітінде жыныстық сипаттағы шу шықты

Алматының Орталық мешіті жанындағы қыздар медресесінде білім алып жүрген Жанар Боранбаева атты қыз, медреседе 17-18 жасар қыздарды имамдарға күйеуге шығуға мәжбүрлейді дейді.

Жанар Орталық мешіттің жертөлесінде орналасқан қыздар медресесінде үш жыл білім алған.

"Имамадар әйелдер ол – құлдар, олар толықтай ерлерге бағыну керек дейді. Олардың өз заңдары бар, біреуінде бірнеше әйелден болуы мүмкін. Егер алғашқысына суып қалса, ажырасуға себеп іздейді, сен күнә жасадың деп тастап кетеді. Оны жұбатуға басқа имам келеді де, уақиға тағы қайталанады. 17-18 жасар қыздар тегін жезөкшелер секілді. Ұнағандарын имамдар қонақ үй мен сауналарға шақырады" - дейді қыз.

Бұл жағдайды баяндай отырып, Жанар Орталық мешіттің имамдардың ісіне құқық қорғау органдарының назарын аударсам деген үмітте.

Оның сөзіне қарағанда бірде имам "саған жын кірді" деп, жынды қуып шығу амалы ретінде оны қылғындырған. Қыз бала шошып қашып кеткен, осыдан бастап оны қорқыта бастағанға ұқсайды.

Мешіт қызметкерлері мұның бәрі жалған, ал қыз медреседе мүлде білім алмаған, тек намазға ғана акеліп отырған дейді. Алайда қыздың қолында медресе оқытушылары мен арасында Жанардың өзі де отырған білім алушылардың түсірілген фото суреттер бар көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/277976-almaty-ortalyk-meshitinde-zhynystyk-sipattagy-shu-shykty.html