RU

Ең жоғары еңбекақы алатын атақты адамдардың тізімі жасалды

Forbes нұсқасы бойынша Мадонна ең жоғары еңбекақы алатын атақтылар арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлады Лента.ру.

Соңғы жылы американдық әнші 125 миллион доллар тапты. Басылымның атап өтуінше, оның соңғы MDNA альбомын қолдауға арналған турне ең көп кіріс әкелді. Сондай-ақ Мадонна өзінің киім, әтір бизнестері желісінен, әртүрлі компаниялардың акциялары есебінен қаржы табады.

Екінші орынды - 100 миллион доллармен режиссер Стивен Спилберг иеленді. Forbes мәліметтері бойынша, режиссерге оның ескі картиналарын әртүрлі елдердің телевизиясынан көрсетулерден авторлық төлемдер мол пайда әкеледі.

Үшінші орынға 95 миллион доллармен тележүргізуші Саймон Коуэлл, эротикалық роман авторы Э.Л.Джеймс, теле- және радиожүргізушісі Говард Стерн шықты.

Одан әр тізімге жазушы Джеймс Паттерсон, журналист Гленн Бек және Майкл Бэй іліккен. Forbes-тің бұдан бұрынғы рейтингісінде 2011 жылғы мамыр мен 2012 жылғы мамыр аралығында 165 миллион доллар тапқан тележүргізуші Опра Уинфри көш бастаған болатын.

Осы жолы журнал оның еңбекақысын 77 миллион долларға бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/278694-en-zhogary-enbekaky-alatyn-atakty-adamdardyn-tizimi-zhasaldy.html