RU

Мерьем Узерли өз-өзіне екі рет қол жұмсаған

Атақты түрік сериалы "Сұлтан Сүлейменде" басты рөлді сомдаған Мерьем Узерли өз-өзіне қол жұмсай жаздады.

Ол мұндай әрекетке жеке өмірінде орын алған жайттардан шаршағандықтан барған деп жазады ukrhome.net.

Психологиялық тұрғыда қатты күйзеліске ұшыраған актрисаға Германия дәрігерлері көмектесіпті. Түсірілімнен ақша үшін кетіпті деген қауесетті жоққа шығарған Узерли соңғы төрт серияға денсаулық жағдайына байланысты түсе алмаған.

Сырт көзге бақытты көрінетін Роксолана-Мерьем екі рет өмірімен қош айтыспақ болыпты.

"Антальяда өткен марапаттау рәсімінен соң қонақүйдегі бөлмеме келіп, мүсіншенің күл-паршасын шығардым. Артынша балконнан секіріп кеткім келді" дейді ол.

Екінші рет суицидке жол бергелі тұрғанда Мерьемді құрбысы құтқарып қалған. Қазіргі таңда Узерли бар күш-жігерін өз-өзіне келуге жұмсап жатыр.

Сүйіктісі Жан Атеш пен дәрігерлердің үгіттеуіне қарамастан, актриса баласын жалғыз өзі тәрбиелеуге даяр деп жазады Lite.BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/279095-merem-uzerli-oz-ozine-eki-ret-kol-zhymsagan.html