RU

Ұшақта мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұраған жолаушы қамауға алынды

Алматыда қазақ тілінде сөйлеңіз дегені үшін "Жұлдыздар отбасы – Аңыз Адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай сотталды.

Әкімшілік кодекстің 330- бабы бойынша, жауапқа тартылған азамат,  ауданаралық сот, мұндай жазаны жолсерікке "қазақша сөйле!" дегенім үшін, тағайындады" - деп отыр.  Сотқа шағымды "Скат" әуе компаниясының жолсерігі түсірген.

"Жұлдыздар отбасы" және "Аңыз адам" журналдарының Бас редакторы Жарылқап Қалыбай 26 тамыз күні "Скат" әуе компаниясына тиесілі  Анталия-Астана бағытындағы ұшақпен елге келе жатқан. Айтуынша, бес сағаттық жолға шыдамаған бір жастан асқан баласы ауырып, жылай бергесін, жұбату үшін, орнынан тұрған.  Жігітағасының бұл қылығы жолсеріктерге жақпапты.

"Баламды жұбатып, ашуланып тұрмын. Сіркем су көтермей, бір рет түртіп кетеді, ... мынауың не десем, говори на русском дейді", - Бас редактор.

Ауырып тұрған баласын жұбата алмай келе жатқан азаматқа  стюардтың осы жауабы жақпаған. Жанжалға да осы жағдай себеп болған.Сол сәтте жолсерік кешірім сұрап, Жарылқап ағаға шәй әкеліп берген. Алайда, артынша, басқа жолаушылардан бұл кісінің әрекетіне қарсы шағым жинай бастаған көрінеді. Сотқа да жылдам жүгініпті.

Қалыбайдың ұсталғаны туралы ақпаратты әйгілі саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook парақшасында жариялады деп жазады BAQ.KZ.

Былай деп жазады Жұмалы: "Жарылқап Қалыбай Қазақстанның ұлттық әуе компаниясының жолаушысы ретінде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұрайды!".

Журнал мамандары ақпаратты растады, алайда, басшыларының не үшін ұсталғанынан бейхабар болып шықты.

"Түркиядан ұшқан ұшақ Алматыға қонған бойда құзырлы мекеменің мамандары Қалыбайды ұстап алып кетеді. Ұшақта не болғаны тірі жанға белгісіз болып тұр. Сот өтті, әзірге мәлім болғаны бас редакторға әкімшілік жаза ретінде үкім шығарылып, үш тәулікке қамалды. Анықталған тағы бір дерек жолаушыларды "Скат" әуе компаниясы тасымалдаған", - дейді Рысбек Уркембай.

Қазақстандық "Скат" әуе компаниясына қатысты даудың бұл басы емес. Былғы жылдың басында Алматы маңында аталған компанияға тиесілі ұшақ құлап, 21 азамат қайтыс болған еді. Ал, компания өкілдеріне қатысты бүгінгі жағдай ұлт жанашырларын тым ашындырып жіберді.

"Мәңгүрт, біз де айтамыз. "Скат" әуе компаниясы мәңгүрт, соны айта алмайтын басшылары, қызметкерлері мәңгүрт", - дейді Жарылқап Қалыбай.

Енді оқырманы көп қос бірдей журналдың бас редакторы бұл жерде үш тәулік отырып шығады. Бірақ мемлекеттік тілде сөйле деп, жолсерікке жөн сілтегені үшін, қазақ тілін қолдағаны үшін, қорғағаны үшін, қамауға алынған азамат бұл әрекетіне еш өкініп отырған жоқ!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/279801-yshakta-memlekettik-tilde-kyzmet-korsetudi-syragan-zholaushy-kamauga-alyndy.html