RU

Бибігүл Төлегенова: Баланы балабақша мен мектеп емес, ата-анасы тәрбиелеуі тиіс

Баланы балабақша мен мектеп емес, ата-анасы тәрбиелеуі тиіс.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің мақсатымыз – отбасында береке-бірлік орнату. Ол үшін ең әуелі баланы бесіктен тәрбиелеу керек. Баланы балабақша, мектеп тәрбиелейді деген ойдан аулақ болу керек. Ең әуелі оған ата-анасы тәлім-тәрбие беруі қажет. Бала сол ата-анадан алған тәрбиесін балабақша мен мектепте жалғастырып әкетеді. Отбасы мәселесі өте үлкен, күрделі мәселе, сондықтан оны көтерген дұрыс. Бүгін енді бірсыпыра мәселелер айтылып жатыр, олар шешімін табады деп ойлаймын", - деді Б.Төлегенова.

"Сондай-ақ, қазіргі жастарға отбасын сақтап қалу үшін шыдамдылық жетіспейді. Оларға барлығы бір мезетте бола қалуы тиіс. Ал еңбек ету, мақсатқа жету белгілі бір уақытты талап етеді. Қазақ халқы ежелден шыдамды халық, тек шыдамдылық таныту арқылы мұратқа жетуге болады", - деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/280305-bibigyl-tolegenova-balany-balabaksha-men-mektep-emes-ata-anasy-terbieleui-tiis.html