RU

Қазақстанда 1 миллионнан астам тұрғыны бар 2 қала пайда болады

Астана мен Алматыдан бөлек 1 миллионнан астам халқы бар тағы екі қала пайда болады, деп мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біздің алдымызда таяу жылдары халқы көп тағы 2 мегаполис, сондай-ақ бірқатар "ақылды", "жасыл" және қауіпсіз қалалар салу міндеті тұр. Жасампаз инновациялық кластерлер дамытылатын орта дәл осы қалаларда құрылады", - деді Мемлекет басшысы Еуразиялық форумның пленарлық отырысында.

Президенттің пікірінше, аумақтық даму мәселелері Қазақстан үшін үлкен маңызға ие.

"Біздің таңдауымыз – қалалық агломерацияларды дамыту. Ұзақ мерзімді мақсатымыз – Астана және Алматы қалаларын әлемдік деңгейдегі қалалар деңгейіне жеткізу. Қазіргі кезде Алматы халқы 1,5 миллионға, ал Астана халқы 1 миллионға жуықтады", - деді Президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/280813-kazakstanda-1-millionnan-astam-tyrgyny-bar-2-kala-pajda-bolady.html