RU

Денсаулық сақтау министрлігі "насыбай" сатуға тыйым салмақ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында "насыбайдың" сатылуына тыйым салатын болады.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндаған Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов мәлім етті.

Жауапты хатшының айтуына қарағанда, ел аумағында насыбай сатуға тыйым салынбас бұрын, оған алдымен заң жүзінде насыбайға беріледі. Сосын насыбайдың Қазақстан аумағында сатылуына тыйым салу тетігін заңға енгізу қарастырылады.

"Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігі жастар арасында кең белес алып бара жатқан насыбайға әуестенушілікке қарсы күрес шараларын қарастыруда. Жалпы насыбай - шегілмейтін темекінің түрі. Халықаралық мәліметтерге сәйкес, насыбай ауызда, ас қорыту жүйелерінде қатерлі ісік тудырады", - деді С. Мусинов.

Айта кетейік, заң жобасының 1-ші бабымен "насыбай - ауызға салып соруға арналған темекі, әктас пен басқа темекі емес қоспалардан жасалған шегілмейтін темекі бұйымдарының түрі" деген түсінік берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/281302-densaulyk-saktau-ministrligi-nasybaj-satuga-tyjym-salmak.html