RU

ЭКСПО-2017 аясында Ақмола облысында этно-ауылдар құрылады

Ақмола облысының жеті ауданында туризмді дамытудың мүмкіндігі жоғары.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

"ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында Целиноград, Аршалы және Қорғалжын аудандарында этно-ауылдар құру жобалары дайындалуда. Бұл көрме келген туристерді халқымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыруға мүмкіндік береді", - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, өңірде туристік қызметтің жалпы көлемі 1,5 есеге өсіп, 2 млрд теңгеден асты.

"Бурабай курорттық аймағымен қатар, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын, Ерейментау, Бұланды және Ақмол аудандарында да туризмді дамытудың мүмкіндігі жоғары", - деді Қ. Айтмұхаметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/281426-ekspo-2017-ayasynda-akmola-oblysynda-etno-auyldar-kyrylady.html