RU

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы 56 155 теңгені құрады

Шілде айында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы 56 155 теңгені құрады.

Бұл жөнінде бүгін 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болған брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"2013 жылғы шілдеде халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы табысы бағалау бойынша 56155 теңгені құрады. Бұл 2012 жылғы шілдеге қарағанда 4,8%-ға жоғары, ал нақты ақшалай табыс бұл кезеңде 1%-ға төмендеді", - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, тамызда қызметкерлерге есептелген орташа айлық жалақы 110 020 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/281455-kazakstandyktardyn-zhan-basyna-shakkandagy-ortasha-tabysy-56-155-tengeni-kyrady.html