RU

"Ринго" тобының әншісі үйленді (фото)

Қазақстандық танымал топ - "Рингоның" әншісі Аян Бірбаев шаңырақ көтерді деп хабарлайды Lite.BNews.kz.

Сүйінші жаңалықпен топ продюсері Алуа Қонарова "Твиттер" парақшасы арқылы бөлісіп отыр.

Айнұр есімді арумен көңіл жарастырған Аянның тойы өткен сенбіде Алматы қаласында өтті.

Бұл шығармашылық ұжымдағы қуаныштың бір бөлшегі ғана.

"ЕМА-2013" музыкалық жүлдесін жеңіп алған "Рингоның" тағы бір мүшесі Әділжан алдыңғы аптада бойдақтықпен қош айтысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/281720-ringo-tobynyn-enshisi-yjlendi-foto.html