RU

Қайрат Нұртас тыңдармандарынан кешірім сұрады

Тамыз айының соңында Алматыдағы Prime Plaza ойын-сауық орталығында өткен концерт кезінде орын алған оқиғаға байланысты әнші Қайрат Нұртас тыңдармандарынан кешірім сұрады деп жазады lite.bnews.kz.

Vox Populi журналының хабарлауынша, орындаушы болған жайтқа қатты өкінген көрінеді.

"Мен концертке тыңғылықты дайындықпен келдім. 8 ән орындаймын деп жоспарлаған едім. Тіптен, концертке келерден 40 минут бұрын ғана жаздырған тың туындымды халқыма тыңдатсам деп те ойладым. Алайда, мұндай жағдай болады деп ойламаппын. Менің кінәм болмаса да, тыңдармандарымнан кешірім сұраймын" деп ағынан жарылды Қайрат.

Күтпеген жайт кезінде қатты қорыққанын мойындаған өнер иесі концерт көруге келген адамдардың амандығын тілеп, Аллаға жалбарынғаннан басқа амалы қалмағанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 31 тамызында Алматы қаласындағы Prime Plaza сауда және ойын-сауық кешенінде Қайрат Нұртас қатысқан концерттің соңы қақтығысқа ұласқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/281786-kajrat-nyrtas-tyndarmandarynan-keshirim-syrady.html