RU

Жат елде қорлық көрген жетімдер ісіне билік енді араласты

Қорлық көрген жетімдердің жайы халықаралық деңгейде үлкен шу тудырған соң іске Сыртқы Істер министрлігі енді араласты деп хабарлайды КТК арнасы.

Ведомство шетелдіктер асырап алған балалардың жағдайын тексеруді қолға алды. Қазіргі таңда еліміздің жер-жердегі елшіліктеріне шұғыл тапсырмалар беріліп жатыр.

Себебі мұхит асқан балалар шетелдегі консулдықтарда тіркеуге алынады. Қайда тұратыны туралы да ақпарат бар. Алайда, біздің дипломаттар қаракөздердің тағдырынан бейхабар екендіктерін ақыры мойындады.

Жағдайдың ушыққанын енді түсінген Сыртқы істер министрлігі 23-ші қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесіп, қорлық көрген қазақстандық жасөспірімдердің мәселесін көтермекші.

Айта кетсек, осы кезге дейін Қазақстаннан 9 мыңға жуық ұл-қыз шекара асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/282529-zhat-elde-korlyk-korgen-zhetimder-isine-bilik-endi-aralasty.html