RU

Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде жаппай көтеріліс болды

Орталықта емделушілердің ереуілінде 23 адам өз өзіне қол жұмсаған. Оның бірі қарнын жарып тастаған.

Бүлік шығарғандар бұған күзетшілердің күш көрсетуі мен ішкі жағдайдың қолайсыздығы себеп дейді. Ол қандай күш және қандай жағдай екенін Нұрадин Рақай түсінуге тырысты.

Ішімдік пен есірткіге тәуелді адамдар емделетін орталық іші кеше кешкілік қып-қызыл қанға боялды. Бас көтерген 24 адам наразылық ретінде тамырларын кескен. Жеті адамның жарақаты ауыр деп бағалануда. Бұл берекетсіздікті мекеме басшылығы былай түсіндіреді.

"Түрменің заңдарын осы жерде бөлімшеге енгізгісі келеді. Сонымен жаңағы қарайтын, тыңдайтын адамдарды қойып соның ішінде қарайтын адам ішкі тәртіпті бұзған үшін мәжбүрлеп емдейтін изоляторға қамалған еді. Соны шығарсын деп өзгелері наразылық білдірді", - дейді Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Каримова. 

"Тамақ жөнді бермейді. Монша жоқ. Серуендеу жоқ. Ештеңе жоқ. Кіріп сұраңдар. Бәрі шаршатты. Ешқандай жағдай жоқ. Жігіттер алды да тамырларын кесті. 20-30 адамдай. Прокуратура жөндеп тексермесе тағы кесеміз. Бар кінәні бүлікшілерге үйіп төгіп айыптаған ақжеленділердің айтқан", - дейді емделушілердің бірі.

Жаңа ғимаратқа қоныс тепкен орталық наркологиялық диспансердің талабына сай емес екенін басшылық та мойындайды. Серуендейтін орынның жоқтығынан дертіне дауа іздегендер жылдап төрт қабырғаға телміруге тура кеп тұр. Емдеу мекемесін жылы сумен де жарытып жарылқамапты және көресіні күзетшіден көріп тұрмыз деп күйінеді.

Жағдайларының абақтыдан да ауыр болғаны жаппай бүлікке себеп дейді емделушілер. Бір қызығы ішімдік пен есірткіге тәуелділікті емдейтін мекемеге ішімдіктің өзі еркін ішке кіреді екен. Ақшасын берсең алып келеді.

Қазір аталған іс бойынша облыстық прокуратура тексеру тағайындады. Дау айтып даурыққандар тексеріс әділ өтсе біраз былықтың беті ашылатынына сенімді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/282996-zhambyl-oblystyk-narkologiyalyk-dispanserinde-zhappaj-koterilis-boldy.html