RU

Жұбайлардың неліктен бір-біріне ұқсайтындығы анықталды

Әдетте ерлі-зайыпты адамдардың уақыт өте келе бір-біріне келбеті жағынан да, мінезі турасынан да ұқсап кететіні белгілі.

Жуырда ғалымдар осы көзқарастың растығын дәлелдеді. Тәжірибеге 25 және одан да көп жыл бірге тұрған жұптар қатыстырылған. Қазіргі және некеге тұрған кездегі суреттерін салыстыру барысында олардың туған ағайындыларша ұқсас болып кеткендері анықталды.

Яғни, ері мен әйелі неғұрлым бақытты өмір кешкен сайын, олар соғұрлым бір-біріне ұқсай беретін көрінеді. Йель университетінің психолог мамандары мұны олар өздері аңғармай да қалады деп отыр.

Оның үстіне, мамандар адамдардың әу баста-ақ өмірлік серігін таңдағанда ортақ қызығушылығы бар жанды таңдайтынын алға тартты. Сондықтан да бақытты некедегілерді біраздан соң бір-бірінен ажырата алмай қаласыз. Оның үстіне, жақын жандар бірте-бірте қылықтарын, әдеттерін бір-бірінен "көшіретін" көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/283254-zhybajlardyn-nelikten-bir-birine-yksajtyndygy-anyktaldy.html