RU

"Сұлтан Сүлеймен" сериалының жұлдызы тұрмысқа шығады

Киносүйер қауымға жақсы таныс түрік сериалы – "Сұлтан Сүлейменнің" жұлдызы тұрмысқа шығады.

Махидевран Сұлтанның рөлін сомдаған актриса Нұр Феттахоғлы жуырда сүйіктісі Левент Везироғлының үлкен өмірге бірге аттану туралы ұсыныс жасағанын айтып, БАҚ өкілдерінен сүйінші сұрады.

Қос ғашық тойларын келер жылдың мамыр айына жоспарлап отыр. Сүйіктісінің үйлену туралы шешімін қуана қабылдағанымен, Нұр уақыттың тығыздығына байланысты некелесу рәсімін 2014 жылға қалдырғанын жеткізді.

Яғни, "Сұлтан Сүлейменнің" түсірілімі аяқталатын мамыр айында тағы бір отбасының өмірге келуі ғажап емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/283417-syltan-sylejmen-serialynyn-zhyldyzy-tyrmyska-shygady.html