Выйти
RU

"Эйр Астана" компаниясының кассирін сабаған Ботабаев қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкерін ұрған "Қазинвестбанк" директорлар кеңесінің мүшесі Дархан Ботабаев, жариялы түрде кешірім сұрасын!".

Алматыда осындай талаппен "Болашақ" республикалық қозғалысының белсенділері шарасын өткізді. Белсенді топ мұндай әрекетімен қызға қол көтерген Ботабаевтың қылығының ерсі екенін, әрі заңның баршаға ортақ болып табылатынын білдірді. Дархан Ботабаев осы уақытқа дейін, жәбір көрген қыздан кешірім сұрамапты.

Сондықтан наразы топ оның сот алдында жауап беріп, жәбір көрген қызметкерге моральдық шығынын өтеп беруін талап етуде.

"Одан әлі жауап алмаған Ботабаевтан. Сонда Ботабаев деген кім? Аспаннан түсті ма? Енді Ботабаев елдің, халықтың алдына шығып, өзінің кінәсін мойындап, Нұркенжегүлден кешірім сұрасын. Моральдық шығыны бар. Өтеп берсін!", - дейді "Болашақ" Республикалық қозғалысының жетекшісі  Дәурен Бабамұратов.

Естеріңізге сала кетейік, ұшаққа билет алуға келген "Казинвестбанк" директорлар кеңесінің мүшесі Дархан Ботабаев, "Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкерін балағаттап, тіпті бетінен ұрып жіберген. Жәбір көрген әйел, дереу тәртіп сақшыларына арызданғанымен, қылмыстық іс қозғалмады. Қазір күдіктінің қайда екенін ешкім білмейді. Белгілі болғандай, "Қазинвестбанктің" атқарушы директоры Дархан Ботабаев өз еркімен отставкаға кетіпті.

"Негізі ер адамның қыз балаға қол көтергені әрине дұрыс емес. Бірақ бұл оқиғаға қатысты ештеңе айтқым келмейді. Құзырлы мекеме қызметкерлері өздері шешсін. Осындай оқиға болды дегенді оқығанда өзім аң-таң болып қалдым. Қазір ол адамның да, бұл оқиғаның да банкке ешқандай қатысы жоқ", - дейді "Казинвестбанктың" атқарушы директоры Владимир Ни.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Эйр Астана" компаниясының кассирін сабаған Ботабаев қызметінен кетті